Түрлендіргіш - Kaz Converter

Kazakh

Қазақ тілінің мәтіндер конвертері - Kaz Converter v5

Kaz Converter - қазақ тіліндегі құжаттарды оқылатын және редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарламалық шешім. Қазақ әріптерінің стандартты коды 2002 жылы шыққанына қарамастан, осы уақытқа дейін стандартсыз кодта жазылған мәтіндер кездесіп қалады. Әдетте ондай қайшылықтар ANSI кодында жиі кездеседі, UNICODE кодында аздау. Екі жағдайда да құжатты оқылатын түрге келтіру керек болады. Kaz Converter бағдарламасы WinTranslate пакетінің құрамына енеді.

 

Төлем түрі
Төлем жүйесі
Төлем
1.
Электрондық жеткізілім.
Бір лицензия құны: 27 000 KZT
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
Төлем шотын алу үшін: info@sanasoft.kz
2.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT
QIWI-кошелек
Ақпарат алу үшін: info@sanasoft.kz
3.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB

4.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB

 

Мысалы, "дұрыс емес" кодта берілген мынадай мәтінді қарайық:

 

 

Мұндай мәтінде қаріпті өзгерту еш нәтиже бермейді. Бұл мәтінді Kaz Converter көмегімен түрлендіру оны толық оқылатын және редакцияланатын түрге келтіреді, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты мен халықаралық стандартқа сай түрлендіреді:

 

 

Жалпы сипаттама

  • Мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай (СТ РК 920-91, СТ РК 1048-2002, UNICODE) мәтіндерді түрлендіру.

  • Kaz Converter-де 30-дан артық драйверлер мен кодировкалар, 400-ден артық қаріп сипаттамалары бар.

  • Конвертер файлдардың мынадай пішімдерімен жұмыс істейді:

    • Microsoft Word (*.DOC) құжат;
    • Microsoft Excel (*.XLS) парақ;
    • RTF (*.RTF) формат.
  • Конвертерде түрлендіру ережелері берілген, сондай-ақ қаріптерді ауыстыру тәсілдері бар.

  • Конвертер мәтінге қажетті талдау жүргізіп, оның түрлендіру әдісін анықтайды.

  • Конвертер түрлендірудің меншікті алгоритмі мен ережесін құру мүмкіндігін ұсынады.

Microsoft Office 2010 бағдарламасындағы Kaz Converter

Kaz Converter жүйесін Microsoft Word және Microsoft Excel бағдарламаларына қойған соң, құралдардың қосымша панелі пайда болады:

 

 

Сондай-ақ:

 

 

[Түрлендіргіштер] тетігі арқылы "Түрлендіру параметрлері" терезесі шақырылады:

 

 

"Түрлендіру параметрлері" терезесі "Түрлендіргіштер" және "Қаріптер" тізімдерінен тұрады. "Түрлендіргіштер" тізімінде қазақ тіліндегі мәтіндерді теруге арналған драйверлер мен олардың қаріптері туралы ақпараттар берілген. Бұл тізімді толықтыруға және редакциялауға мүмкіндік бар. "Қаріптер" тізімінде түрлендірудің сәйкес қаріптері берілген. "Түрлендіргіштер" тізімнің әр элементінің өз қаріптері болады.

 

[Баптаулар] тетігі "Баптаулар" терезесін шақырады:

 

 

[Құжатты жіберу] тетігі пошта бағдарламасын шақыруға арналған, ол бойынша мәтінді SANASOFT компаниясына мына адрес бойынша support@sanasoft.kz жіберуге болады

[Түрлендіру анықтамасы] тетігі арқылы анықтама жүйесі шақырылады.

Kaz Converter жұмысының негізгі принциптері

Microsoft Word және Microsoft Excel бағдарламаларында түрлендіру параметрлері бірдей әдіспен орындалады. Көпшілік жағдайда керекті конвертерді таңдау үшін мәтінді талдау ұсынылады. Ол үшін мәтіннің аздаған үзіндісін ерекшелеңіз де [Мәтінді талдау] тетігіне нұқыңыз. Нәтижесінде конвертер тізімінен ең жарамды конвертерді таңдайды. Әрі қарай, курсорды мәтіннің басына қойып (Microsoft Word үшін) немесе ұяшалардың қажетті аралығын ерекшелеп (Microsoft Excel үшін) [Түрлендіру] тетікті басу арқылы мәтін түрлендіріледі.