Көшіруді орналастыру - Kaz Hyphenator

Kazakh

Сөздерді буындап орналастыру - Kaz Hyphernator

Егер сөз ағымдық жолға симаса, Microsoft Word оны тұтастай келесі жол басына көшіреді. Бірақ мәтінді ені бойынша немесе ені қысқа бағанда теңестірген кезде, бос облыстарды азайтуға Kaz Hyphenator көшіру бағдарламасы қолданылады. Kaz Hyphenator бағдарламасы қазақ тіліндегі сөздерді буынға бөліп көшіреді. Жеке жұмсақ көшірулерді немесе бөлінбейтін дефистерді қалдыруға болады, құжаттың барлық бөлігінде автоматты көшіруді орындауға да болады. Kaz Hyphenator бағдарламасы WinTranslate бағдарламалық пакетінің құрамына енеді.

 

Төлем түрі
Төлем жүйесі
Төлем
1.
Электрондық жеткізілім.
Бір лицензия құны: 27 000 KZT
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
Төлем шотын алу үшін: info@sanasoft.kz
2.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT
QIWI-кошелек
Ақпарат алу үшін: info@sanasoft.kz
3.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB

4.
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім.
Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB

 

Сөзді автоматты көшіру

Егер сөздерді автоматты көшіру қосылса, Microsoft Word құжатта сөздерді қажетінше буынға бөліп, келесі жолға автоматты көшіреді. Мәтінді түзету немесе құжатты беттерге бөлуді өзгерту кезінде, буындап көшірулер автоматты түрде жаңадан қойылады. Сөздерді келесі жолға автоматы көшіруді орындау үшін Разметка страницы | Расстановка переносов мәзірден "Авто" әмірді таңдаңыз:

 

 

Буындап көшіруді қолмен қою

Егер буындап көшіру қолмен келесі жолға қойылса, онда Microsoft Word құжаттан әрбір қажетті жұмсақ көшіруді құптауды сұрайды, сосын сол көшіруді орындайды. Қолмен көшіруді орындау үшін Разметка страницы | Расстановка переносов мәзірден "Ручная" әмірді таңдаңыз:

 

 

Құжатты түзету кезінде немесе құжатты беттерге бөлуді өзгерту кезінде тек жол соңында орналасқан жұмсақ көшірулер ғана бейнеленеді. Бұл жағдайда автоматты буындап көшіру ұсынылмайды.