Бағдарламалық жабдықтама
KazKey v8.1 қазақ тілінің драйвері
Драйвердің жаңа нұсқасы Windows 7 + SP1 қазақ тілін қолдайды. Берілген нұсқадағы драйвер алғашқы нұсқалардағы драйверлердің барлық мүмкіншіліктерімен қамтылған және Windows-тың алғашқы нұсқаларымен сәйкес келеді. Драйвер Windows платформасында жұмыс істейтін барлық бағдарламалық өнімдерінде қазақ тілін қолдануға мұмкіндік береді.
Master Word v2.7 машиналық аударманың жүйесі
Компанияның жаңа бағдарламалық өнімі- алты тілдік бағыттағы тексттерді аударуға арналған Master Word машиналық аударманың жүйесі. Аударма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен және керісінше аударма жасайды. Берілген нұсқада аударма жалпы лексика бойынша аударылады. Ертеректе қолданушылардың кейбіреулері демонстрациялық нұсқадағы WinTranslate бағдарламалық пакетімен көптеген уақыт бойы таралған тексттер аудармасының тұжырымдамасымен таныс. Біздер, өңдеушілер, сіздердің ескертпе мен тілектерңіздің арқасында ұсынылған концепцияны бағалауға мүмкіндігіміз болды. Олардың барлығы ескерілді және берілген бағдарламада жүзеге асырылды және аударма жүйесінің жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Master Word орнату алдында KazKey v8.0 драйверін орнату керек.
WinTranslate Pro қосымшаларын оқшауландыруының аспаптық пакеті
Берілген өнімді жаңа деп санауға болады, өйткені қолданушылар назарыңа бірінші рет ұсынылды. Берілген өнім алғаш 2001 жылы жасалынды және көптеген өзгерістер мен модификацияларға ұшырады. Осы аспаптық пакеттің арқасында 2002 жылдың өзінде-ақ Windows жанұялық операциондық жүйелерінің қазақ тіліне оқшаулануына мүмкін болды. Ең алғашқы қазақ тіліне оқшауланған нұсқа- Windows 98. WinTranslate Pro пакетінің көмегімен Қазақстан бойынша WinTranslate пакетімен таралған оқшаулану топтары жасалды. Енді қолданушылар бағдарламаның мүмкіншіліктерін өздері бағалайды және өздері қосымшаларды кез-келген тілдерге оқшауландыра алады. Берілген WinTranslate Pro нұсқасының шектеу қатары бар және Windows XP бағытында жұмыс істейді, бірақ жақын арада біздермен Windows Vista мен Windows 7 үшін қосымшаларды оқшауландыра алатын WinTranslate Pro+ нұсқасы жасалынады.
Kaz Fonts v4.0 қазақ қаріптерінің жиынтығы
Өзіңіздің компьютеріңізде Kaz Fonts орнатып, сіз қазақ тілінде кез келген тексттік не графикалық құжатты дайындауға мүмкіндік беретін 50 өзіндік қаріптерге ие боласыз. Декоративтік және полиграфикалық қаріптер Сізге кез-келген құжатты әдемі және қайталанбайтындай етіп дайындауға мүмкіндік береді.
Converter KazKey v3.1 тексттер конвертері
Converter KazKey бағдарламасы стандартты кодировка бойынша қазақ тілінде қайта құрады. Қайта құралған текст оқылады және редакцияланады. Конвертер текстті мемлекеттік стандарт СТ РК 1048-2002бойынша қайта құрады.
Kaz Spelling v3.0 қазақ тілінің емле тексеру жүйесі
Kaz Spelling бағдарламасы нақты уақыт тәртібінде қазақ тілінің емлесін тексеруге, енгізген сәттің өзінде істелінген қателіктерді көрсетуге мүмкіндік береді. Жүйе Microsoft CSAPI корпорациясының стандарты бойынша жүзеге асырылған. Жүйе Windows операциондық жүйемен аса интегралданған және берілген функция жүзеге асырылған кез келген қосымшадағы қазақ тілінің емле тексеруге мүмкіндік береді.
Kaz Hyphenator v2.0 тасымалдау орнының жүйесі
Kaz Hyphenator қазақ тіліндегі тасымалдау орындарын автоматты тәртіпте жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тасымалдау орнының жүйесі Microsoft CHAPI корпорациясының стандартына сәйкес жасалған. Тасымалдау орнының функциясы тексттерді жинақы етіп және де ұзын бос орындарын болдырмауға мүмкіндік береді. Осының барлығы текстті одан сайын құрылысы бойынша көрнекті және нақты етіп көрсетеді.
Kaz Dictionary v4.0 электрондық сөздігі
Kaz Dictionary – аса қажет бағдарламалардың бірі. Бағдарламаның алғашқы нұсқасы 2002 жылы шықты. Содан бері Қазақстан бойынша мыңдаған қолданушылардың ауыстыруға болмайтын көмекшісі болды. Сөздік тек сөздің орыс тілден қазақшаға не кері аудармасын ғана беріп қоймайды, сонымен қатар сөздердің синонимдік қатарын, көп жағдайларда сөздердің мағынасын ашады. Бағдарлама барлық қолданушыларға пайдалы болады.
Windows үшін Phrasebook тілашар
Phrasebook бағдарламасы бес тілдегі сөздік болып табылады: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік тілдерінде. Сөздік әртүрлі тақырыптар бойынша жиі қолданылатын сөз тіркестерінен тұрады.Әр сөз дыбысталған. Сөз тіркестерінің аудармасын кез-келген тілдік бағытта таңдалынады.
Windows Mobile үшін Phrasebook тілашар
Ұқсас бағдарлама, тек Windows Mobile платформасында жүзеге асырылған және ұялы телефондарда қолдануға болады. Ұялы телефондарға арналған тілашар дербес компьютер сияқты тілдік бес бағытты қамтиды.
WinTranslate қосымшаларының оқшаулануы
WinTranslate бағдарламасы WIndows операциондық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін қосымшаларды қазақ тіліне оқшауландыра алады. Оқшаулануға операциондық жүйенің өзі түсе алуы мүмкін. Қосымшалардың оқшаулануы бағдарламалық тәсілмен жүзеге асады және тілдік интерфейсті қажетті тілге ауыстыра алады.
"Динаның хикаясы" компьютерлік ойыны
Қазақстандағы балаларға арналған қазақ тіліндегі ең алғашқы компьютерлік ойын. Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған. Ойынның желісі Астана қаласына өтеді. Негізгі кейіпкер-Дина есімді қыз.
"Атлантида" компьютерлік ойыны
Қазақ тіліндегі тағы да бір ойын. Берілген ойын 7-10 жастағы балаларға арналған. Үш өлшемді графикалық квест түріндегі ойын баладан белгілі бір логикалық іс-әрекеттерді қажет етеді.
Өнеркәсіптік СУБД-та қазақ тілінің қолданысын қамтитын утилиттер
SANASOFT компаниясымен өнеркәсіптік СУБД қазақ тілінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін утилиттер дайындалған. Бұл-қазақ тілінің әліпбиін ескеретін мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы шешулер.
"ABC English" электрондық оқу басылымы
Электрондық оқу басылымы ABC English ағалшан тілін үйренуге арналған. Оқулық ағылшын тілін өздік оқуға арналған. Электрондық оқулықтағы білім деңгейі мектеп бағдарламасының 10-11 сыныптарымен сәйкес келеді.
"Биология" электрондық оқу басылымы
"Биология" электрондық оқу басылымы биологияны өздік оқуға арналған. Оқулық қазақ тілінде жүзеге асырылған.