Емле тексеру жүйесі - Kaz Spelling v4
Kaz Spelling – қазақ тілінде емле тексеру Microsoft Office және басқа бағдарламаларда қолданылады. Тексеру стандарты әмірлермен жүзеге асырылады, оны көптеген бағдарламаларда Kaz Spelling қамтамасыз етеді (мысалы, MS Word, MS Excel, MS PowerPoint, MS Outlook, Outlook Express және басқаларда). Kaz Spelling мәтін тікелей жазылып жатқан кезде, яғни нақты уақыт режимінде тексеріп отырады. Kaz Spelling бағдарламасы WinTranslate пакетінің құрамына енеді.
|
|
|
|
---|---|---|---|
|
Электрондық жеткізілім. Бір лицензия құны: 27 000 KZT |
|
|
|
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім. Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT |
|
|
|
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім. Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB |
![]() |
|
|
Жеңілдік 30%. Электрондық жеткізілім. Жеңілдікті есептегенде бір лицензия құны: 18 900 KZT | 3 800 RUB |
![]() |
|
Негізгі сипаттамалары
Kaz Spelling сипаттамалары:
- CSAPI v3 стандартына сәйкес (Common Spelling Application Programming Interface);
- Windows 95/98/ME /NT4/2000/XP/Vista/2003/2008/7/8 операциялық жүйелерде жұмыс істейді;
- Қазақ тілінде сөздік қоры - 45 млн. жуық сөзжасам.
Емле тексеру жүйесі басқа кез келген басқа тілдердегі сияқты оңай жүзеге асырылады. Төменде кейбір кең танылған қолданбаларда емле тексеруді жүзеге асырудың негізгі принциптерін келтіреміз.
Microsoft Word 2010 бағдарламада емле тексеру
Емле тексеру функциясын қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
- Файл | Параметры әмірін орындаңыз, сосын қосымша бетте "Правописание" өтіңіз.
- "Автоматически проверять орфографию" жалаушаны қойыңыз.
- [OK] тетікке нұқыңыз.
Мәтінді енгізу кезінде, қате жазылған сөз қызыл ирек сызықпен белгіленеді. Қатені түзету үшін, тінтуірдің оң тетігі арқылы контекстік меню шақырыңыз да жазудың дұрыс үлгісін таңдаңыз. Қосымша мүмкіндіктерді пайдалану үшін, контекстік менюде, "Орфография" пунктін таңдаңыз.
Емле тексеруді бүкіл құжатты қарап шыққан соң да жүзеге асыруға болады. Ол үшін F7 клавишті басыңыз, Kaz Spelling қатесі бар сөздерді түзетуді біртіндеп ұсынады. Түзетудің барлық әрекеті "Правописание" диалогтік терезеде жүзеге асады:
Microsoft Excel 2010 бағдарламада емле тексеру
Әрекет тізбегі:
- Емле тексерілетін ұяшалар аралығын ерекшелеңіз. Барлық бетте емлені тексеру үшін, бір ұяшаны көрсетіңіз;
- [Орфография] тетігін немесе F7 клавишін нұқыңыз.
Басқа бағдарламаларда емле тексеру
Емле тексеру функциясы CSAPI стандартына сәйкес жүзеге асырылады, MS Office 2010 және барлық басқа бағдарламаларда емле тексеру осы сияқты орындалады. Көпшілік жағдайда қазақ тілінің емлесін тексеру үшін F7 клавишін пайдалану ұсынылады.