Оқулықтар

Kazakh

 

Мазмұны

Сипаттамаға өту үшін сәйкес пунктке тінтуірмен нұқыңыз:

 

Өзі оқытатын: Информатика

Өзі оқытатын: Математика және бағдарлама жасау әдістері

"ABC English" электрондық оқу басылымы

"Тіршіліктану" электрондық оқу басылымы


 

Өзі оқытатын: Информатика

Өзі оқытатын "Информатика" - осы заманғы бағдарлама жасау әдістерін өз бетімен меңгеруге бағытталған оқулық-бағдарлама. Бүгінде бағдарламалық жабдықтама адамдардың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылып, маңызды роль атқарады. Тұрмыстық техникадан бастап, осы заманғы техникалардың барлығының басқару жұмыстары бағдарламалық негізде жүзеге асады. Жаңа бағдарламалық өнімдер жасау - адам өміріндегі ең маңызды саланың біріне айналды. Сапалы, пайдалы кәсіпкерлік деңгейде бағдарламалар жасауды үйрену әркімге-ақ қолжетімді нәрсе.

Бұл өзі оқытатын оқулық-бағдарлама бағдарлама жасаудың барлық областырын қамтиды. Оқулық-бағдарламада көптеген мысалдардың бағдарламалық кодтары толық түсіндірулермен берілді. Бағдарлама жасауды кез келген жастағы адам осы оқулық-бағдарлама арқылы оңай үйренуге болады. Бағдарлама негізін үйренудегі ең тиімдісі 11-13 жастан басталады деп есептеледі. Бұл практикада дәлелденген, өйткені осы жастағы бала материалды жылдам қабылдап, базалық білім негізін алады. Әлемдегі ең атақты программистер өз жолдарын дәл осы жастан бастаған. Әрине, бұл жерде ата-аналардың ролі ерекше маңызды. Балаға керек-жарақтарын тауып беріп, керек болса, бала қызыққа әбден енгенше, онымен бірге отырып оқудың еш артықшылығы болмайды. Бала 17-18 жасқа келгенде бағдарлама жасау әлемінде өз орнын табатын болады.

 

 

Мазмұны

 

Өзі оқытатын: Математика және бағдарлама жасау әдістері

Өзі оқытатын "Математика және бағдарлама жасау әдістері" оқулық-бағдарламада жоғарғы оқу орындарында және математикалық мектептерде оқытылатын пәндер қарастырылды. Атап айтқанда:

  • Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия
  • Математикалық анализ
  • Дифференциальдық теңдеулер
  • Ықтималдық теориясы
  • Косплекстік айнымалы функциялар теориясы
  • Математикалық физика теңдеулері
  • Сызықтық бағдарлама

Жоғарғы математиканы дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар, оқулық-бағдарламада есептерді бағдарламалық құралдармен шешудің жолдары берілді. Құрылған кодтардың толық түсіндірмесі қоса беріледі. Есептерді бағдарламалық жолмен шешуде уақыт үнемделеді және қазіргі заманғы бағдарламалардың жасалу әдістерін терең түсінуге септігі тиеді.

Математикалық физикада негізінде үш теңдеу түрі қарастырылады. Қалған барлық теңдеулер және теңдеулер жүйесі де осы үш түрдің біріне жатады. Олар параболалық, гиперболалық және Лаплас теңдеулері деп аталады. Параболалық теңдеудің ең қарапайым түрі жылу теңдеуі. Алғаш бұл теңдеуді шешуді қарастырған Жозеф Фурье (1768-1830) болды. Жылу теңдеуін шешуге Фурье түрлендіруі қолданылды. Басқа теңдеу түрлерін шешуге бұл амал жарамайды. Фурье заманынан бері қанша уақыт өтсе де осы уақытқа дейін Фурье түрлендіруі ешбір өзгеріссіз қалды және математика физика есептерін шешуде де елеулі алға жылжу болған жоқ. Олай болудың басты себебіне ыңғайлы аппараттың болмауынан деп есептеуге болады. Бұл оқулықтағы "Математикалық физика теңдеулері" бөлімінің басты нәтижелерінің бірі барлық теңдеулер түріне бірдей қолданылатын аппараттың жасалғандығы. Осы аппарат арқылы аталған теңдеулердің барлығы дерлік біркелкі және түбегейлі шешілді. Бұл жұмыстар Ресейде, АҚШ, Германияда жарияланған. Автордың қолданған аппаратын өзгерте отырып, математикалық физика жүйелік теңдеулерін де шешуге болады.

Өзі оқытататын оқулық-бағдарлама жоғарғы математика немесе программирование оқитындардың барлығына арналған. Әсіресе, бұл оқытушыларға, математика мұғалімдеріне, студенттерге өте пайдалы.

 

 

Мазмұны

 

"ABC English" электрондық оқу басылымы

ABC English – ағылшын тілін электрондық оқуға арналған оқулық. Жұмсақ графика, интуитивті түсінікті интерфейс, оңай басқару, теориялық материалды оңай және емін-еркін меңгеруге және тестілік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Оқулық диктормен дыбысталған сөздер мен сөзтіркестер сөздігінен тұрады. Қолданушы микрофонды пайдаланып, сөздерді қайталап, өзінің дыбысы мен осцилограмманы салыстыра отырып, өз дыбысын тексере алады. Бағдарлама тінтуірмен орындалатын көптеген тесттік тапсырмаларды қамтиды:

 

 

 

Мазмұны

 

"Тіршіліктану" электрондық оқу басылымы

"Тіршіліктану" - мектепте Тіршіліктану пәнін өз бетімен оқуға арналған оқулық. Оқулық қазақ тілінде дайындалған. Бағдарлама интуитивті түсінікті интерфейс және жеңіл басқарылады. Барлық оқу материалдары сабақтар мен бөлімдерге бөлінген. Оқулықта көптеген тестілік тапсырмалар бар:

 

 

 

Мазмұны