Компания туралы
SANASOFT - Қазақстанда бағдарлама жасаумен айналысатын алдыңғы орындағы жетекші компаниялардың біріне жатады. Негізгі жұмыстары қазақ тіліне қатысты бағдарламалар. Sanasoft компаниясы 15 жылдан аса информациялық технологияларда қазақ тілінің қолданылуына қатысты бағдарламалар жасаумен айналысып келеді. Sanasoft компанияның жұмыстары мемлекеттік басқару органдарда, ұлттық және жеке компанияларда, оқу орындарында қолданылады.
Sanasoft компаниясы Microsoft үшін бағдарламалық өнімдер жасау бойынша орталық Азиядағы Microsoft корпорациясының бірден бір жалғыз, ресми вендоры болып табылады. Компанияның жасаған өнімдері Microsoft өнімдерінің құрамында қолданылады. 2003 жылдан бастап Microsoft корпорациясы Sanasoft компаниясының бағдарламалық өнімдерін өзінің меншікті бағдарламаларының құрамында жыл сайын лиценциялап келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі, екінші деңгейдегі банкілер қазақ тіліндегі деректердің дұрыс алмасуын қамтамасыз ету үшін Sanasoft бағдарламалық шешімдерін пайдаланады.
Sanasoft компаниясы көптеген жылдар бойы машиналық аударма облысында белсенді жұмыстар жасады, көптеген ғылыми мақалалар жариялады, жасалған жұмыстар практикада қолданыс тапты. Қазақ тіліне қатысты аудармамен байланысты шешімдер осы күндері ресейлік ПРОМТ компаниясының өнімдерінің ішінде қолданылады. Аударма жүйесімен жұмыс қазіргі кезде де жалғасуда.
Sanasoft компаниясы EAMT (European Association for Machine Translation) корпоративтік мүшесі болып табылады.