Онлайн сервистер

Kazakh

Қаріп графикасының онлайн конвертері

Осы сервис қазақ тілінде бір қаріп түрімен жазылған мәтінді мүлдем басқа қаріп түрімен беруге арналған. Дәлірек айтсақ, осы сервис мәтіндердің кирилица, латыница және арабица арасындағы байланысты анықтайды. Сервис таңдалған бағыт бойынша түрлендірудің бірнеше бағытын ұсынады. Қаріптерді түрлендірудің онлайн сервисі Kaz Latin бағдарламасы арқылы беріледі. Мұнда әркім өз түрлендіру кестесін ұсына алады ( адреске кестені жіберуге болады). Ол кесте тексеруден соң сервисте қолданылады. Сервистің мақсаты - ең сәтті конвертерді таңдау.

 

Ескерту: Бастапқы мәтін 1000 әріптен аспауға тиіс.

 

Өту...


Онлайн аудармашы

Сіздердің назарларыңызға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі машиналық аударманың көптілді сынақтық жүйесі ұсынылады. Қазіргі кезде аударма жүйесі әзірлеме деңгейінде, онлайн сервис түрінде танысу үшін ұсынылып отыр. Аударма алу үшін мәтін енгізу керек және бастапқы тілді және аударылатын тілді көрсету керек. Аударманың сапасы бастапқы мәтіннің күрделілігіне тікелей тәуелді: мәтін қарапайым болса, аударма дәлірек алынады. Бұдан басқа бастапқы мәтінде орфогрфиялық және синтаксистік қателер болмауы керек. Сөйлемдерде жаргондық, шет тіліндегі сөздер, ауызекі сөздер болмағаны дұрыс. Ондай сөздерді синониммен ауыстыру ұсынылады.

 

Ескерту: Бастапқы мәтін 1000 әріптен аспауға тиіс.

 

Өту...


Онлайн емле тексеру

Осы сервис қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуын тексеруге арналған. Сөз дұрыс жазылмаса, сервис сөздің түзетілген үлгісін ұсынады. Егер тексерілетін сөз бірмәнді болмаса, сервис сөздің бірнеше үлгісін ұсынады. Емле тексерудің онлайн жүйесі Kaz Spelling бағдарламасында құрылған.

 

Өту...


Онлайн конвертер

Шамасы, Сіз қазақ тіліндегі жазылған кейбір құжаттарды ашқан кезде, онда толып жатқан түсініксіз нышандарды көріп, құжатты оқу мүмкін еместігін байқаған боларсыз. Қандай әрекет жасасаңыз да бұл түсініксіз нышандардан құтылу мүмкін болмайды. Олай болу себебі, мәтіннің стандартты кодировкада берілмеуінен. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы, құжатты дұрыс кодтау жолына салу. Осылай еткен жағдайда, құжатты оқуға және редакциялауға мүмкіндік туады. Түрлендірудің онлайн сервисі осы мәселені шешуге арналған. Сізге түсініксіз мәтін үзіндісін көшіріп алып, оған қажетті түрлендіргішті таңдау керек. Сосын түрлендіргішті бүкіл түсініксіз мәтінге қолданасыз. Түрлендірудің онлайн сервисі Kaz Converter бағдарламасында берілген.

 

Ескерту: Бастапқы мәтін 1000 әріптен аспауға тиіс.

 

Өту...