Қосымшаларының оқшаулануы - WinTranslate

Kazakh

Бағдарламаларды оқшауландыру WinTranslate v4

WinTranslate жүйесі - әртүрлі бағдарламаларды бастапқы тілден қалаған тілге түрлендіретін (оқшауландыратын) арнайы бағдарлама. Ол Windows платформасында жұмыс істейді. WinTranslate жүйесі басқа тілдегі компьютермен жұмыс істеу кезінде, тілдік кедергілерді жеңу үшін қолданылады, яғни ол әркімге өз ана тілінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Компьютермен күнделікті жұмысты істеу үшін, жүйені, оның жұмыс істеу ережелерімен танысса жеткілікті. Сол кезде сіз өз ана тілдік ортаңызда жұмыс істей аласыз.

Негізгі сипаттамалар

  • WinTranslate жүйесі Windows операциялық жүйемен терең интеграцияланған бағдарлама. Ол компьютердегі бағдарламалардың тілдік қарым-қатынасын өзгертеді. Қазақ тіліне бағдарламаларды оқшуландыру кезінде, WinTranslate құрамында міндетті түрде, қазақ тілінің драйвері болуы қажет.
  • Әртүрлі тілде берілген бір бағдарламаны пайдаланған кезде, өзіңізге қажетті тілдік ортада жұмыс істеу үшін, WinTranslate бағдарламасын қосу керек. Сол кезде бағдарлама сізге қажетті тілдік ортаға көшеді, мысалы, ағылшын тіліндегі қарым-қатынас тілі қазақ тілді қарым-қатынасқа көшеді.
  • Жүйе әртүрлі бағдарламалар мен модулдерді бағдарламалық жолмен оқшауландырып, ыңғайлы басқарудың қолайлы механизмін ұсынады. Ол үшін топтар ұғымы енгізілген. Әр топтағы бағдарламалар мен жиындарды оқшауландыру үшін, өзіндік нұсқаулар жиыны қызмет етеді.
  • Қандай да бір қолданбаны оқшауландыруға жауапты қосымша топтарды қосу мүмкіндігі қарастырылған. Жаңа топтардың пайда болуымен байланысты, қажетті бағдарламаларды компаниялардың web-серверінен көшіріп алуға болады.

Топ түсінігі

Топ – арнайы нұсқаулар мен баптаулар жиыны. Оларда көрсетілген бағдарламалар мен жинақтарды бағдарламалық жолмен оқшауландырудың ережесі мен әдістері суреттеледі. Топты бағдарламаны жасаушы адам құрады.

 

Ескерту: WinTranslate бағдарламасының бұл нұсқасында топты құру мүмкіндігі қарастырылмайды. WinTranslate осы нұсқада топты редакциялайтын құралдар да берілген жоқ.

 

Топты қосу кезінде сәйкес бағдарлама өз қалаған тіліңізге оқшауландырылады. WinTranslate бағдарламасына топтардың кез келген санын қосуға болады.

 

 

Қазақ тіліне бағдарламаларды оқшауландырудың мысалдары

Microsoft Excel 2010

 

 

Microsoft Publisher 2010

 

 

Abbyy FineReader

 

 

WinRAR